Қоғам

Темекі қорабында оның зияны туралы ақпарат болуы керек

 

2013 жылдың 1 шілдесінен бастап өнімнің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік бұрынғыша сертификаттау органына емес, өндірушінің өзіне жүктелетін болады.

 

Светлана Пленник, «Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаменті» ММ бас маманы:

– 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа техникалық регламенттер күшіне енеді: «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Қаптама қауіпсіздігі туралы», «Азық-түлік өнімдерінің белгілену бөлімі», «Жемістер мен көкөністерден дайындалатын шырын өнімдерінің техникалық регламенті»; «Тағамдық қоспаларға, хош иістендіргіштерге және технологиялық көмекші құралдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары.

 

Бұрындары шырын өнімдерінің сыртында мынадай ұлттық техникалық регламент таңбасы белгіленген болатын. Үкімет қаулысына сай енді ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап аталмыш белгі Кедендік Одақ елдерінің бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс.

 

Светлана Пленник, «Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаменті» ММ бас маманы:

– Жаңа көрсетілген техникалық регламенттерде шырын өнімінің қасиеті, құрамы, қоспалары көрсетілуі тиіс. Шырындардың қандай әдіспен жасалғандығы да берілуі талап етіледі.

 

Темекі өнімдерін өндірушілерді де өзгертулер күтуде. Енді оның қорабында міндетті түрде шылым шегуден пайда болатын аурулардың суреті, темекі бұйымдарының құрамында болатын 18 улы заттың кем дегенде 3-уі көрсетілуі тиіс. Барлық ескертулер 2 тілде жазылады.

 

Айгүл Құсайынова, «Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаменті» ММ бас маманы:

– Мына қорапта ешбір талаптар сақталмаған. Темекі бұйымдарының құрамында болатын канцерогенді, мутогенді, жүйелі улы заттар жаңа қораптардың сыртында берілуі тиіс. 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін өндірілген өнімдер толығымен сатылымда болады. Кейін шығарылғандары талапқа сай болмаса жауапкершілік көзделген.

 

Қаулы күшіне енгеннен кейін өнімдер техникалық регламенттерге бағынбаса, өндірушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.