Без категории

Тарихи атауларды қалпына келтіру – ономастикалық жұмыстың басым бағыттарының бірі

 

Қазіргі таңда елімізде ономастика саласына көп көңіл бөлінуде. Өйткені елді мекен, жер-суға тарихи атаулары қайтарылуы тиіс. Осыған дейін 11 аудан атына тарихи атауы берілсе, 21 елді мекен атауы өзгертіліп, транскрипцияланған.

 

Ернияз Сұлтанов, СҚО тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бастығы:

-Тіл туралы заңның 25-5 бабына өзгертулер енгізілді. Ол ономастикалық жұмыс критерийлері деп аталады. Оның негізінде елді мекендердің атауын өзгертерде тарихи және табиғи жағдайлары ескерілетін болады.

 

 

Көшелердің атын өзгертіп, тарихи атауын қайтару бүгінгі заманның талабы. Тәуелсіздік алғаннан бері шаһарымызда 47 көше атауы өзгеріске ұшыраған. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Өйткені облыстық ономастикалық комиссияға биыл осы мәселеге қатысты 20 өтініш келіп түсті.

 

Алтынай Сыздықова, Петропавл қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

-Қала кеңейген сайын аумағындағы аудандардың атаулары да қазақшаландырылуда. «Шығыс», «Шапағат», «Нұрлы жол», тағы басқа.

 

«Асыл мұра» орталығының мүшесі Социал Жұмабаев қалаға кіре беріс үш жолға Абылайхан, Қожаберген жырау және М. Жұмабаевтың есімдерін беру ұсынысын жасады. Бұл мәселені комиссия мүшелері жақын арада жан-жақты қарастырмақ.