Балалар

“Аққайың” лагері демалыс маусымын ашты

“Аққайың” сауықтыру лагеріне аттанатын балалар Шаталов ескерткішінің жанына жиналуда. Жазғы демалысын тиімді өткізу үшін онда 7-11 жас аралығындағы 210 жасөспірім бармақ. Балалар 7 жасаққа бөлінген. Әр топқа білікті тәрбиешілер бекітілген. Бүлдіршіндердің тең жартысы жалпы оқыту қорының есібінен демалмақ. Бұл балалар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққандар. Демалу маусымында бүлдіршіндерге дайындалған бағдарлама да ауқымды.

 

Лариса Гальчукова, “Аққайың” балалар сауықтыру лагерінің басшысы:

– Біз балаларға арнап, облысымыздың қоғам қайраткерлері және спортшылармен кездесу ұйымдастырмақпыз. Және бізге “Нұр Отан” партиясы, “Жас қыран”, “Жас ұлан” жастар ұйымдарының өкілдері де келеді. Әйгілі әртістер де концерт өткізбек.

 

Демалыс лагерінің әр ауысымы өзіндік тақырыпты қамтиды. Біріншісі “Ертегілер әлеміне саяхат” деп аталады. Мұнда балаларды кітап кейіпкерлері қарсы алды. Бұл бағдарламаны лагерьдің аға тәрбиешісі Дарья Хрупина дайындапты.

 

Дарья Хрупина, аға тәрбиеші:

– Бұл балалар оқуларын аяқтап, демалуға осында келуде. Әрине олар уақыттарын қызықты өткізгілері келеді. Сондықтан да бұл бағдарлама бүлдіршіндер үшін тиімді болмақ. Және олар біз ұйымдастырған ертегілердің кейіпкерлерін сомдап, өз шеберліктерін көрсетеді.

 

Осылайша лагерьде балалар тек қана дем алып қоймай, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізеді. Олар үшін мұнда бірнеше үйірме де жұмыс істейді. Онда балалар қазақ тілін үйреніп, теннис ойнайды.

 

Любовь Клименова:

– Бұл лагерьде 3 жыл қатарынан дем алудамын. Мұнда маған ұнайды. Достарыммен ойнап, көңіл көтереміз.

Влад Лупаревич:

– Мұнда көп балалармен достасамыз. Олармен әр түрлі ойындар ойнап, би кешін де өткіземіз.

 

“Аққайың” сауықтыру лагерінің бірінші маусымы 17 маусымда ашылмақ.

 

Бану Ахметова