Құқық қорғау органдары

Полицейге ит айтақтағаны үшін он жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 

 

Таңғы алты шамасында Астраханка аудандық полиция бөліміне отбасындағы жанжал туралы хабар түседі. Бұрын істі болған отағасы мас күйінде, қолына пышақ алып әйеліне қоқан-лоққы көрсеткен. Патрульдік көлікті көрген ер адам тәртіп сақшыларын балағаттаған. Есік құлпын әкелеріне байқатпай ашқан балалар далада жасырынып жүрген анасы мен полиция қызметкерлерін үйге кіргізген. Арыз жазуға мүмкіндік бермеген соң отағасын далаға шығаруға тура келген.

 

Ерік Исмағұлов,Аққайың ауданының ІІБ учаскелік инспекторы:

-Ит қасымнан тыныш өтіп бара жатқан, сол кезде ол «фас», «взять» бұйрығын берді. Ит мені тарпа бас салды.

 

Полицейді иттен екінші учаскелік инспектор арашалап алыпты. Шу шығарушы аудандық ішкі істер бөліміне, ал жараланған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бүлікші 13 күнге әкімшілік қамауға алынды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстың бұл түрі бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жыл басынан құқық тәртіп сақшыларына қоқан-лоққы көрсету фактісі бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды, олардың 3-еуінде тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылды.

 

Біржан Қойшыбаев