ТЖ

Өрт сөндірушілер арасынан үздік аспаз анықталды

 

Бану Ахметова, тілші:

-Өрт сөндірушілер өздерін аспаздық байқауында да сынап көрді. Дәмі тіл үйретін тағамдарды олар дайындап, қазылар алқасын таң қалдыру үшін барын салуда.

 

“Үздік аспазшы” байқауы құтқарушылардың арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған 5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысты. Қызыл жалынды ауыздықтап, от арасынан адамдарды алып шығып жүрген Михаил Рубас жұмыстан босаған кезінде ас әзірлеуді ұнатады екен. Қуырылған көкөніс тағамы, жазғы гүл салаты мен балықтан жасалған кәуап және сусын. Бұл астарды Михаил байқаудың талабы бойынша 1 сағаттың ішінде дайындап шығуы тиіс.

 

Михаил Рубас, №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі:

– Дәл қазір шоқта кәуап дайындап жатырмын. Ол күйіп, жабысып қалмау үшін мұқият болу керек. Бөлімімізде жақсы тағам әзірлейтіндер арасында мені таңдап алды. Мен әріптестерімнің үмітін ақтауға тырысамын.

 

Дәмі тіл үйіретін тағамдар сайысына қатысушылар барын салып жатыр. Ал, олар берілген уақытта асты дайындап болғанша шығармашылық ұжым өздерінің өнерлерін ортаға салуда. Бауқауға қатысушыларға берілген уақыт та аяқталды. Сөйтіп, қазылар алқасы өрт сөндірушілердің тағамынан дәм татып,  лайықты бағасын беруге кірісті. Сөйтіп, бірінші рет ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы да жарияланды. “Үздік аспасшы” атағына 3-ші өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Михаил Рубас лайық деп табылды. Ал, екінші орынды 1-ші өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Толқын Сыздықов жеңіп алды. Ал, үздік үштікті 4-ші өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Ермек Жәнібеков қорытындалады. Жеңімпаздардың бәрі грамота және ақшалай сыйақыға ие болды.

 

Бану Ахметова