Қоғам

Теріс діни ағымдар туралы он-лайн ақыл-кеңес беріледі

 

“doverie.com.kz” сайты биылғы мамыр айында жаңартылыпты. Ақпараттық қызмет атқарған интернеттік ресурс енді ғаламтор желісіндегілер мен “Көз Жету” ҚБ байланыстырушы пікірталас аймағына айналды. Басты мақсат  – диалогқа тартылған жандарға теріс ұғымды насихаттаушы діни ағымдардың кері әсерін түсіндіру.

 

Максим Доценко, “Көз Жету” ҚБ төрағасы:

– Осы арқылы көздегеніміз халықты діни ұйымдардың жұмысынан кеңінен құлағдар ету. Президент бірлігі жарасқан қоғамға сызат түсіретін теріс ағымды жат қылықтан бойымызды аулақ ұстауға шақырады. Егеменді ел – ұлттардың ауызбіршілігі мен дінаралық келімімен күшті. Көп жағдайда теріс ағымның арбауына санасы таза жастар түсіп жататыны жасырын емес.

 

Сарапшы, психолог, заңгерлер маңызды тақырып аясында сайт қонақтарымен пікір алмасады. Психолог Дмитрий Агаповтың айтуынша,адамдар мәселелерін көзбе-көз жайып салғаннан гөрі онлайн режимінде қашықтықтан әңгімелескенді құп көреді.

 

Дмитрий Агапов, психолог:

-Мен қазір жаңа әдістемемен жұмыс жасап жүрмін. Ол күмән тудыратын діни ұйымдарды қалайша айналып өтуге болатынын үйретеді. Сондай-ақ бағдарлама теріс ағымға тартылған жандардың психологиясын қалпына келтіруге көмектеседі.

 

Жалпы облыс аумағында 59 діни бірлестік заңдастырылған.

 

Жеңіс Ермұқанов