Қоғам

Су қоры сарқылып келеді

Судың да сұрауы бар. Бүгінде тіршілік көзі мәселесі елімізде ғана емес, бүкіл әлемде өзекті болып отыр. Яғни су ресурсы сарқылады дейді мамандар. Оған мысалдар да келтіріп өтті. Кезінде өңірімізде 3,5 мыңдай көл болған екен. Қазіргі уақытта олпрдың саны 2,5 мың. Бұл жергілікті экологтарды алаңдатпай қоймайды. Сондықтан, аймағымыз да осы мәселені шешуге кірісіп кетті. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы дөңгелек үстел ұйымдастырыпты.

 

Қанат Омаров, СҚО бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

-Судың тапшылығына байланысты және суды қорғау жөніндегі мәселелерді бірігіп шешеміз деген ойдамыз. Шараға “Экосфера” деген ұйым және студенттер мен жастар қатысып отыр.

 

Шамамен 2050 жылға қарай елімізде ауыз су тапшылығы байқалуы мүмкін. Сондықтан бұл проблеманың туындау себебін зерттеп, оны шешудің жолдарын анықтау бүгінгі жиынның басты мақсаты. Мамандардың айтуынша, алдымен бұқара тіршілік көзінің аса құнды ресурс екенін және оның таусылатынын түсінуі қажет.

 

Павел Дмитриев, “Экосфера” ҚБ төрағасы:

-Әр азамат өзінен бастау керек. Бүгінгі күнмен өмір сүрмей, болашақты да ойлаған дұрыс. Сондықтан су ресурсын үнемдеу әрбір адамның парызы. Сондай-ақ тіршілік көзін ластамаған абзал.

 

Жиында судың өңіріміздегі жағдайы, оның сапасы мен адам денсаулығына әсері жайлы әңгіме өрбіді. Кейін кездесуге келгендер мамандарға өз сұрақтарын жолдай алды.

 

Айдана Демесінова