Спорт

Медицина қызметкерлерінің спартакидасы

 

Медицина қызметкерлері бүгін бақтарын спорт саласында сынап көрді. Облыстағы денсаулық сақтау мекемелерінен 27 команда құрылып, өзара сайысқа түсті.

Лариса Беляева, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері облыстық орталығының директоры:

-Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында жыл сайын спартакиада өткізіледі. Ақ халатты абзал жандар да өз денсаулықтарын нығайтулары керек деп санаймын. Сондықтан бұндай шаралардың маңызы зор.

 

Жарыс үш спорт түрі бойынша өтті. Шағын футбол, асық ойыны және сауықтыруға бағытталған жаппай жүгіріс. Алдымен жарыс алаңына шағын футболдан Есіл және Шал ақын аудандарынан келген командалар шықты. 10 минутқа жалғасқан жарыс нәтижесі бойынша шалақындықтар басым түсті.

 

Медет Тәттібаев, Есіл аудандық ауруханасының терапеві:

– Футбол ойнауға келдік. Өз командамыз үшін ойнап жатырмыз.

 

Ал қыздар командалары асық ойнау мен қызықты старт бойынша сайысты. 2-ші қалалық аурухана мен облыстық медициналық жедел жәрдем орталығы мейірбикелерінің арасындағы кездесуі өте тартысты болды. Өңірімізде 5-ші рет өткізіліп жатқан бұл сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Біржан Қойшыбаев