Балалар

Кәсіпорындарда жастар комитеттері құрылуда

 

“СҚО-ның ауыл жастары одағы” қорының негізгі мақсаты – облыс пен ауыл жастарының қоғамдық және әлеуметтік теңдігін қамтамасыз ету. Яғни оларға өз ортасындағы белсенділігі мен беделінің қалыптасуына жағдай жасау. Қоғамдағы барлық жаңалықтардан ауыл жастарының тыс қалмауына ықпал ету. Сондықтан да қор облысымыздың ірі кәсіпорындары мен ұйымдарында өздерінің комитеттерін құруда. Яғни бұл жастардың жұмысқа деген белсенділігін арттырып, өздерін жан-жақты көрсетуге сеп болады дейді мұндағылар.

 

Яна Федорович, “СҚО-ның ауыл жастары одағы” КҚ директорының міндетін атқарушы:

– 2013 жылдың сәуір айынан бастап, СҚО жастар саясаты жөніндегі басқарманың қолдауымен “жұмысшы және ауыл жастарын қолдаудың кешенді шаралары және балалар мен жастардың үкіметтік емес ұйымдарын дамыту” жобасы қолға алынды. Бұл шара еңбектеніп жүрген жастарға бағытталған. Сондықтан да осы сияқты кездесулерді жастармен алдағы уақытта да өткізбекпіз.

 

Бұл ұйымның құрылуын “Қазпочта” АҚ басшылығы да қолдап отыр. Өйткені бүгінде осында еңбек ететін қызметкерлердің жартысынан көбін жастар құрайды екен. Сондықтан да мұндағы жас қызметкерлер бүгінгі кездесуден ұйым жайында көп мәлімет алды.

Алдағы уақытта облысымыздағы 5 ірі кәсіпорында жастармен жұмыс бойынша комитеттер құрылады деп жоспаланып отыр.

 

Бану Ахметова