Денсаулық сақтау

Донорлар күні

 

Облыстық қан құю орталығында өткен акцияға абзал жанды, ақ пейіл адамдар көптеп жиналды. Мамандардың айтуынша, қан препараттарына өмір бойы тәуелді науқастарға көмек қолын созған бүгінгі шарадағы донорлардың саны басым. Олардың қатарында ардагер донор  Ләззат Жолмұқанова да бар.

 

Ләззат Жолмұқанова, қалалық мәслихат хатшысы:

-Кез-келген адам донор бола алмайды. Қан тапсыруға ниет білдіргендер әуелі шағын медициналық тексерістен өтеді. Азаматтың бойы мен салмағының сәйкестігі, қан қысымы жіті қадағаланады.

 

Роза Жетпісова, облыстық қан орталығының донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі:

-Донорға қойылатын талаптарға жауап беретіндер тәттілермен шай ішіп, шамамен 450 грамм мөлшеріндегі қанын тапсыруға әзірленеді. Азаматтардың осындай игі ісі қанға мұқтаж болған жанға ғана емес, донордың өзіне де пайдалы. Студенттер мен салмағы 60 келіден төмен адамдардан 350 грамм қан алынады.

 

Қанға онкологиялық науқасқа шалдыққан, хирургиялық патологиясы бар адамдар өте зәру. Қазір елімізде қан тапсыру ісіне айрықша мән берілуде. Өңірімізде ерікті қан тапсырушылардың қатары өсіп келеді. Облыс бойынша 2010 жылы 4800 литр қан тапсырылса, 2012 жылы ол көрсеткіш 7600литр болған.

 

Біржан Қойшыбаев, тілші:

-Бүгін бір сағаттың ішінде 14 жерлесіміз ерікті түрде қан тапсырды. Донорлар үшін екі қан алу пункті жұмыс істеді. Ол – облыстық қан орталығы және оның донорлық жылжымалы пункті.

 

Біржан Қойшыбаев