Қоғам

Үздік әскери қызметшілер марапатталды

 

Марапаттау кешіне қатысқан ҚР ІІМ ІӘ бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов өңіріміз ат басын тірегеніне бірнеше күн болды. Іссапарының басты мақсаты – ішкі әскерлерді қайта ұйымдастыру.

 

Мұхаметқали Сатов, ҚР ІІМ ІӘ Бас қолбасшысының орынбасары:

– Елбасының тапсырмасымен Солтүстік Қазақстан облысына келіп отырмыз.

 

Әскери қызметкерлермен кездесуден кейін құрметті мейман еңбегімен ерекшеленгендерді марапаттады. Мұхаметқали Сатов Отан десе жанын пида ететін жандарға қашан да құрмет көрсетуіміз керек деді.

 

Мұхаметқали Сатов, ҚР ІІМ ІӘ Бас қолбасшысының орынбасары:

– 20 жылдың ішінде 700-ге тарта әскер қаза тапты.

 

Бұдан кейін кеш 66/37 әскери бөлімінің еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерін марапаттаумен жалғасты. “Ең үздік взвод командирі” атағына аға лейтенант Сәкен Шаяхин лайық деп табылды. Кезінде ол әскери саладағы еңбек жолын жүргізушіліктен бастаған екен. Ал, бүгінде автомобиль ротасы командирінің орынбасары қызметін атқарады. Аға лейтенант Сәкен Шаяхин әскери салаға 13 жылын арнаған. Марапаттау кешіне әскер қатарына шақырылған азаматтар да қатысты. Арасында Жанболат Садуов та бар. Жанболат биылғы жылдың күзінде әскерге аттанады. Болашағын әскери өмірмен байланыстыруды армандайтын жігіт бұл кештің мен үшін маңызы зор дейді.

Кешке қатысқан ҚР ІІМ ІӘ бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов еңбегімен ерекшеленген әскери қызметкерлерге алғыс хаттар мен дипломдар табыстады. Марапаттау кеші концертке ұласты.

 

Бану Ахметова