Спорт

Аулалық балалар клубтары арасындағы футбол жарысы

 

«Есірткісіз болашақ » атты ұранмен ұйымдастырылған футбол турниріне 170-ке тарта жасөспірім қатысты. Үш күнге созылған дәстүрлі додада 16 команда сайысқа түсті. Жартылай финалда № 42 мектептің «Надежда»құрамасы мен Қазақ мектеп-гимназиясының «Балдырған» командасы тартысты ойын көрсетті. Бірінші таймда «Надежда» құрамасы 1:0 есебімен көш бастаса, ойынның екінші бөлімінің алғашқы минуттарында «Балдырған» таразы басын теңестірді. Қақпа кілтін қазақ мектеп-гимназиясының шабуылшысы Абылай Ақылбек ашты. Осыдан кейінгі екі команданың шабуылы еш нәтиже бермеді. Сөйтіп ойын 1:1 есебімен аяқталды. Бірақ жарыстың аты – жарыс. Біреуі жығып, екіншісі жығылуы керек. Ойын соңында командалар бір-бірінің қақпаларына айып добын соғып, «Балдырған» жеңіске жетті. Ақтық ойында «Спектр» құрамасы «Балдырған» командасын 1:0 есебімен жығып, жарыс жеңімпазы атанды. Алдағы уақытта аталмыш команда аулалық балалар мен жасөспірімдер клубтары арасында өтетін республикалық сайыста өңір намысын қорғайтын болады.

 

Біржан Қойшыбаев