Құқық қорғау органдары

Түнгі рейд

 

Рейд сенбіден-жексенбіге қараған түні ұйымдастырылды. Оған есірткі бизнесімен күрес, криминалдық полиция, кинологиялық орталық, учаскелік және жасөспірімдер істері жөніндегі инспекторлар, арнайы мақсаттағы шұғыл әрекет ету отрядының мамандары қатысты. Олар Петропавлдағы бірқатар ойын-сауық орталықтарын тексерді. Рейд барысында тәртіп сақшылары тек есірткіге қатысты қылмыстарды анықтап қана қоймай, сонымен қатар жасөспірімдер арасында жиі кездесетін қылмыстардың алдын алуға да баса назар аударды.

 

Диана Смағұлова, Петропавл қалалық ІІБ есірткі бизнесімен күріс бөлімінің жедел уәкілі:

-Алдын алу шарасы барысында облыс орталығындағы түнгі клубтарды аралап шықтық. Мақсат ойын-сауық орталықтарында есірткі саудасының бар-жоғын анықтау, қылмыстарға тосқауыл қою.

 

Жыл басынан облыс полицейлері 51 қылмыс тіркеген. Оның 14-і есірткі саудасына қатысты. Заңсыз айналымнан 45 келіден астам нашаның бірнеше түрі алынды. Психотроптық заттарға қатысты 119 әкімшілік хаттама толтырылса, есірткі қабылдаған 51 жүргізуші қолға түскен. Полицейлер ойын-сауық орталықтарын тексеру жұмыстарын бұдан әрі де жалғастыратын болады.

 

Самат Есмағи