Құқық қорғау органдары

Ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Виктор Шиманский сыбайластарымен бірге 2007 жылдан бастап Петропавл қаласында 10-нан астам жалған кәсіпорын құрып, өзге коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтаруына көмектескен. Сөйтіп, ол үшін ұдайы ақша алып отырған. Мемлекетке келтірген шығын 3,7 млрд теңгені құрайды. 6 жылға жуық заңсыз іспен айналысып келген Виктор Шиманский қылмыс үстінде ұсталды.  Жалған кәсіпорынмен жұмыс істеп келген топтың алты адамнан құралғандығы анықталды. Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында басқа мәселеге қатысты Виктор Шиманский туралы айтқан болатынбыз. Онда оның 13 жастағы өгей ұлын ұрлап әкеткен болатын. Тәртіп сақшыларының арқасында жасөспірім табылды. Енді Виктор Шиманскийдің өзі күдіктілердің қатарынан бірақ шықты. Әзірге, Виктор Шиманский уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бану Ахметова