Құқық қорғау органдары

Полицей жарақаттанды

Таңертең белгісіз біреу тәртіп сақшысына оқ атып, сол жерден дереу ізін суытқан. Оқ полиция қызметкерінің кеудесіне тиіпті. Бұл оқиға Жеңіс саябағында орын алған екен. Кіші сержанттың жараланғанын оның әріптесі байқап, дереу көмек шақырады. 22 жастағы азамат №3 қалалық аурухананың реанимация бөліміне жеткізілді. Мұнда оған тиісті медициналық жәрдем көрсетілді.

Қабдырахман Сақтағанов, №3 қалалық аурухананың бас дәрігері:

Науқас сағат 5.13-те түсті. Операция жасалды. Қазір реанимация бөлімінде жатыр. Жағдайы қиын. Қолдан келгенін жасап жатырмыз.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабрлауынша, күдікті қолға түсті. Ұсталған сезікті 1988 жылы туған.

Мәдина Балғашоқова, СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Біздің қызметкерге оқ ату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Оқиғаның анық-қанығы тергеу амалдары барысында белгілі болады.

Айдана Демесінова