ТКШ

Жаңа құрылыс материалдары мен технологияларды енгізу

 

 

 Қазіргі уақытта саны көп, сапасы жоқ құрылыс материалдарын шығарушы компаниялар көбейіп кеткен. Қолданысқа берілген жаңа нысандарды тексеру барысында анықталатын басты олқылықтар да осылардан шығады. Осындай салғырттықтың алдын алу мақсатында жақында Астана қаласында халықаралық семинар өткен.

 

Валерий Дорошенко, “Мемлекеттік сараптама” РМК СҚОФ директоры:

-Қазіргі таңда елімізде 60-тан астам әр түрлі полиэтилен құбырларын шығаратын завод бар. Шатыр материалдарын дайындайтын өндіріс орындары жаңа дамып келеді. Құрылыс жұмыстары өз мемлекетімізде өндірілген өнімнен жүрсе жақсы болар еді деп ойлаймын.  

 

Осы салада 15 жылдан астам уақыт бойы сапа мен қауіпсіздік үшін жұмыс атқарып келе жатқан «Металл Профиль » компанисы. Бұл мекеме негізгі үш бағыт бойынша жұмыс жасайды. Оның бірі шатыр құрылысы жүйесі. Ұйымдастырушылар жиынға келген қонақтарға аталмыш бағыт бойынша шеберлік сыныбын өтізді.Қазіргі уақытта бұл құрылыс материалдары елімізде үлкен сұранысқа ие болған. «Металл Профиль » компанисы өз өніміне 25 жылдан астам уақытқа кепілдік береді екен.

 

Сергей Лидер, “Металл Профиль” компаниясының диллерлік сату тобы бағытындағы жетекшісі:

-Бұл завод Ресей Федерациясында өндіріс көлемі бойынша №1 орында. Жалпы ТМД бойынша 12 өндіріс орындары бар. Соның бірі Қарағанды қаласында орналасқан.

Биылғы жылы қаламызда «Тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша осы компанияның көмегімен 60 шақты көпқабатты үйдің шатыры ауыстырылмақ.

 

Біржан Қойшыбаев