Білім

ҰБТ қорытындылары

 

 

Өңірімізде ҰБТ маусымның 3-і мен 6 аралығында өтті. 11 жылдық білімді саралайтын сынақтан мектепті тәмамдаған 4405 түлектің тек 2410-ы ғана өтті. Нәтижесі бойынша 588-і ҰБТ-ден сүрінді. Енді ол түлектер үшін биыл ЖОО есіктері жабық. Ал, Алтын белгіге үміткер 111 түлектің тек 26-сы ғана осы атқа лайық екендіктерін дәлелдеді. Үздік аттестатты 88 талапкердің ішінен тек 21-і ғана иемденді. ҰБТ-де ең төмен нәтижеге қол жеткізген Жамбыл ауданы болды. Олардың орташа ұпайы 67,70 пайызды құрады. Ал, қалалық мектептер арасында спортта дарынды балаларға мамандандырылған мектеп- интернат көш соңында. Дегенмен жақсы нәтижеге қол жеткізген білім ошақтары да баршылық. Айталық аудандар арасында аққайыңдық түлектердің орташа ұпайы 82,40 пайыз, екінші орында 80,35-пен қызылжарлықтар тұр. Ал, үздік үштікте 80,10 пайызбен Уалиханов ауданы. Петропавлдағы мектептердің арасында қазақ-түрік және «ЛОРД» мектеп-лицейлері жоғарғы ұпай жинаған.

Сөйтіп ҰБТ нәтижесі бойынша облысымызда орташа ұпай былтырғыдай 78 пайызды құрап отыр. Айта кететін жайт биыл халықаралық байқаулар мен олимпиадаларда топ жарған 48 түлек сынақтан босатылған болатын.

  Бану Ахметова