Бизнес және экономика

Кәсіпкерлерге арналған семинар-тренинг

 

 

“Кәсіпкерлерге арналған экспресс-курс” атты оқыту-тренингі екі күнге жоспарланған. Содан кейін   арнайы сертификатқа ие болады. Негізі бұған дейін оқыту-тренингі Уалиханов пен Ақжар аудандарында өткен. Онда 76 тыңдаушы арнайы сертификатқа ие болды. Ал, бүгінгі экспресс-курстарына арналған лекцияны 35 жас кәсіпкер тыңдауда. Оларға бизнесті қалай дамыту қажеттігі туралы 3 бірдей педагог лекция оқуда.

 

Гүлмира Жақыпова, СҚО бойынша “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ филиалының бас менеджері:

-“Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасының 4 бағыты бойынша оқыту-тренингтері өткізілуде. Бұл жас кәсіпкерлердің бизнесін дамытуда көп қолдау болмақ. Сондықтан да біз екі күнге жоспарланған “Бизнес-кеңес” бағдарламасының аясында экспресс-курстарды ұйымдастырып отырмыз. Арнайы курстарда жас кәсіпкерлер өздеріне қажет ақпарат алады.

 

Оқыту-тренингінде тыңдаушыларға ең басты мәселелер түсіндіріледі. Айталық, жеке кәсіпкерлікті тіркеу, салық төлеу тәртібі, бизнесті бәсекеге қабілетті ету үшін не істеу керек. Міне осы және де басқа да жайттар жас кәсіпкерлерге түсіндіріледі.

Бүгінгі оқу-тренингінен өту үшін өз ісін дөңгелеткен Якуб Зебрин да келіпті. Ол бизнес-инкубатор университетін ашыпты. Енді жас кәсіпкер қолға алған ісін әрі қарай дамытпақшы.

 

Якуб Зебрин, “Бизнес Инкубатор” университетінің президенті:

-“Бизнес кеңес” курсынан өтудемін. Барлық өз ісін енді ғана дөңгелеткен жас кәсіпкерлерге осындай тренингтерден өтуге кеңес беремін. Маркетинг бойынша, психологиялық, жаңа жоспар құру, талапқа сай болу сияқты дәрістер тыңдайды.

 

Былтырғы жылы облыс бойынша 625 тыңдаушы экспресс-курстарынан өтіп, арнайы сертификатқа ие болған. Ал биыл жоспар бойынша 538 адамды оқыту қажет. Келесі жолы оқыту-тренингі Тайынша ауданында өтпек.

 

Бану Ахметова