Мәдениет

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры 14 -ші маусымның шымылдығын жапты

 

 

 

«Қыз Жібек» жыры – пәк махаббат пен шынайы сезімнің нышаны. Бұл пьеса қазақ драматургиясының алтын қорындағы кесек туынды. Ғабеңнің шығармасын жұрт кинодан да көрген. Бірақ, өнер сүйер қауым үшін театр сахнасы өз алдына ерекше. Трагедияның мазмұны өте тартымды. Қыз Жібектің сұлулығына көп жігіт ғашық болған. Бірақ қыздың жүрегі тек Төлеген деп соғады. Қыз Жібекке қарақшы жігіт Бекежан да кет әрі емес еді. Соңында қос ғашықтың сүйіспеншілігі өліммен аяқталады. Бұл өте аянышты оқиға. Бірақ басты рөльдерді сомдаушы Самал Тәшімова мен Дулат Ташкен өздеріне берілген тапсырманы жақсы орындап шықты.

 

Самал Тәшімова, С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актрисасы:

–Бүгін жалпы біздің театр үшін, актерлар үшін қуаныш. Осы маусымда біз көптеген қойылым қойдық. Жалпы бұл театр ұжымының еңбегі орасан. Әр қойылымды қоярда тыңғылықты дайындалады.

 

Төлегеннің рөлі жас актер өнер колледжінің студенті Дулат Ташкенге берілген.

 

Дулат Ташкен, С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актеры:

– Ғашықтардың символы ғой Қыз Жібек пен Төлеген. Оңай болған жоқ. Күндіз-түні дайындалдық.Әр рөлдің өзінің қиындығы болады.

 

Трагедияны тамашалауға келген жұрттың қатары қалың. Көрермендер бірнеше рет көрсек те жалықпаймыз дейді.

 

–Артистер өте жақсы ойнады. Бізге өте ұнады.Жастарға үлгілі боларлықтай.

–Актерлардың қойылымы өте ұнайды.Осыны көру үшін әдейі келіп тұрмын. Осыдан жастар тәлім тәрбие алып үлкендерді силайды деп ойлаймын.

 

Айта кету керек өткен маусым театр ұжымы үшін табысқа толы болыпты. Қостанай қаласында өткен Республикалық фестивальде театр жүлдемен оралды.

 

Мақсат Ақжолов, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі:

–Қостанайда өткен фестивальде ең үздік ер рөлі мен ең үздік әйел бейнесі номинацияларын біздің актерлар иеленді.

 

Келесі маусымда театр ұжымы көрермендерін жаңа туындылармен қуантпақ. Ол Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына орай Дулат Исабеков арнайы тапсырыспен жазған «Өйтпесе Мағжан бола ма?» атты қойылым ұсынбақ. Сонымен қатар 21 маусым күні Қожаберген жыраудың 350 жылдығына арналған Сәкен Жүнісовтың «Елім-ай» пьесасын дайындап жатыр.

 

Біржан Қойшыбаев