Қоғам

“Қазақстанның шекараластығы – мәдени байланыс аймағы”

 

 

 

Ресейдің Қорған, Түмен, Омбы өңірлерінде шамамен 150 мыңнан астам қазақ тұрады. СҚО аталған аймақтармен сауда-экономиклық, мәдени байланыстар орнатқан. Бүгінгі конференцияда екіжақты серіктестіктің ежелден келе жатқан достықтың іргесін нығайтуда септігінің мол екені айтылды.

 

Ақылбек Тұяқов, “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі, Омбы қаласы:

-Мен 2006 жылдан бері “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығына қызығушылық танытып жүрмін. Біздің Омбы қаласында 100 мың қазақ тұрады. Яғни 40 ауылдай бар. Сондықтан да тарихы тереңде жатқан қазақ елімен әріптестік қарым-қатынаста болғымыз келеді.

 

Сонымен қатар конференцияда “Экспо-2017” халықаралық көрмесі жайында да сөз болды. Ресейлік қонақтар осы көрмеге қатысудың маңызын сөз етті.

Әзірге жоспар әзірленбек. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция “Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігінің 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Кездесуге өңір этномәдени бірлестіктері мен Омбы және Қорған облыстарының өкілдері, мәдениет және білім саласының қызметкерлері қатысты.

 

Бану Ахметова