Құқық қорғау органдары

Қаржы полициясының кәсіби мерекесі

 

 

 

Салтанатты жиында жаңадан қаржы полициясының қатарын толтырған қызметкерлер отанға, қызметіне, елдің заңдарына адал болуға ант берді. Жауапты қызметке қабылданғандардың қатарында Мұрат Жолмұханов та бар. Инспектор қызметіндегі полицейдің мұнда келгеніне 6 айдан асқан екен. Жас маман экономикалық қылмыспен күресті тиімді етуге өз үлесімді қосамын дейді. Жас мамандар ант беріп болғаннан кейін, салтанатты жиынды ашқан қаржы полициясының басшысы Нұрлан Шабдар әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

 

Нұрлан Шабдар, СҚО бойынша экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы:

–Салтанатты жиынға келген ардагерлерді және әріптестерімді бүгінгі кәсіби төл мерекемен құттықтаймын. Жұмыстарыңыз жемісті, денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз берік болсын.

 

Бұдан кейін бірқатар қаржы полицейінің еңбегі ескеріліп, 22 -сі түрлі марапатқа ие болды. Олар “Құқық тәртібіне қосқан үлесі”, “Қаржы полициясының үздігі” бірінші және екінші дәрежелі медальдарын иемденді. Бір полицей аға лейтенант иық белгісін алса, біреуі капитан шеніне көтерілді.

Бүгінгі күні қаржы полициясында 150-ге тарта адам еңбек етеді. Жиынға саланың ардагерлері де қатысты.

 

Бану Ахметова