Қоғам

«Әділет өкілдері ақыл-кеңес береді» акциясы

 

 

 

 

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында кәсіби заңгерлер бас тоғыстырды. Мақсат кез-келген азаматқа заң тұрғысынан кәсіби ақыл-кеңес беру. Қоғамдық қабылдауға келгендердің бірі заң факультетінің студенті Альбина Зелгавдинова. Ол өз сауалына мамандар тарапынан нақты жауап алды.Бүгінде заңгерлердің көмегіне жүгінбейтіндер кемде-кем. Қоғамдық қабылдауда болған Ақ-Ләйлек Жаукина қоғамдық бірлестіктердің ынталы топтарына бақылау қалай жүргізілуі керектігі жайында сұрап білді.

 

Ак-лайлек Жаукина,«Әлеуметтік технологиялар орталығы» қоғамдық жастар ұйымының төрайымы:

–Мен қоғамдық қабылдауға жыл сайын келіп тұрамын. Жұмысыма қатысты заң тұрғысынан көптеген мәселелерге кездесіп жататыным бар. Бұл жиында соған қатысты өз сауалымды жолдап оған нақты жауаптар алдым. Шараның халыққа тиімділі зор.

 

Өңір заңгерлерінің басын қосқан қоғамдық қабылдаулардың жалғасын тауып келе жатқанына үшінші жыл. Мақсат жерлестерімізге құқықтық көмек көрсету және тұрғындардың азаматтық жауапкершіліктерін арттыру.

 

Гүлнар Қожахметова,СҚО Әділет департаменті жетекшісінің орынбасары:

– Қабылдаудың халыққа тиімділігі жоғары. Мәселен өткен жылғы қабылдауға 40-қа тарта адам келіп, өздерінің көкейлеріндегі сауалдарын ортаға салған болатын. Оның бәріне нақты жауаптар қайтарып, ақылкеңес бердік. Негізінен мамандарға қойылған сұрақтардың дені жылжымайтын мүлікті рәсімдеуге қатысты. Себебі бұл тұрғыда заңға өзгертулер мен толықтырулар көптеп енгізіледі. Ал тұрғындар оның бірін білсе,бірін біле бермейді.

 

Бұл күні мұндай қоғамдық қабылдаулар тек облыс орталығында ғана емес сонымен қатар барлық аудандарда да өткізілді.

 

Самат Есмағи