Ауа райы

БАҚ және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы

 

 

 

Мемлекеттік қызметшілер мен БАҚ өкілдері бір мүддеге ұйып жұмыс істеуі керек. Алайда көп жағдайда екі жақ бірін-бірі түсінбей жатады. Өзара ынтымақтастық жағдайы ақсап тұр. Журналистер ақпарат көздерінен мардымды әрі дәл мәлімет ала алмайды. Осыдан кейбір фактілер шындыққа жанаспай жатады. Тіпті адамның ар-намысына тиіп жататын жайттар да кездеседі. Бұл заңға қайшы.

 

Зауре Жұмалиева, «Әділ Арқа» ҚҚ директоры:  

-Облыс әкімшілігінің бастамасымен осындай дөңгелек үстел ұйымдартырдық. Бұндай жиындар мемлекеттік мекемелер мен БАҚ арасында болатын келіспеушіліктің шешімін табуға өз септігін тигізеді.

 

Адвокаттар мен судьялар қазіргі кезде БАҚ өкілдері өз жұмысында адамның жеке өмірі туралы дәйексіз мағлұматтар жария етіп жүр дейді. Айталық сот тәжірибесінде журналистер жалған хабар таратты деген лауазымды тұлғалардың арыздары көптеп кездеседі екен. Сондықтан қаламды қару еткен ағайындар әр жазған сөзі үшін жауапты екенін түйсіну керек дейді заңгерлер.

 

Инесса Куанова, СҚО әкімшілік және азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрайымы:

-БАҚ-тарда жұмыс істейтін әр азамат өз құқығын толықтай білуі қажет. Азаматтардың ары мен абыройына нұқсан келтіретін, шындыққа жанаспайтын мәліметтер үшін арнайы заң қарастырылған.

 

Кездесу соңында баспасөз өкілдері заңгерлерге өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Барлық ұсыныстар арнайы парақшаларға жазылып, Журналистер одағы облыстық филиалының ресми сайтында жарияланатын болады.

 

Біржан Қойшыбаев