Мәдениет

Александр Пушкиннің туғанына 214 жыл толды

 

 

 

Теріскейлік әдебиет сүйер қауым да орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкинді пір тұтады. Өнер иесінің туған күні ескерусіз қалған емес. Биыл да ол қалыптасқан дәстүр бойынша аталып өтілді. Ақын рухана тағзым етушілер оның ескерткіші басына жиналып, ғасырдан-ғасырға мұра болып келе жатқан өлеңдерін жатқа айтты. Ақынның шығармашылығын зерттеушілер аз емес. Солардың бірі қызылжарлық Василий Коноплев. Қаламгер тіпті ғұламаларға қойылған ескерткіштер жайында кітап та жазған. Оның басым бөлігі Пушкиннің скульпторлық ескерткішіне арналыпты.

 

Василий Коноплев,жазушы:

-Ескерткіштер адам секілді, бәрінен бір-бірлеріне ұқсастықты аңғаруға болады. Мәселен Михайлов саябағында Пушкиннің шалғында жатқан мүсіні бар. Онымен қатар суретке түсушілер әдетте ақын қолына алма ұстатып қояды.

 

Ақынның аты, ғалымның хаты өлмейді. Ол ақиқат, себебі Пушкиннің артына қалдырған мұрасы бүгінде еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін рухани азық болып келеді.

 

Анна Жицкая, оқушы:

–  Оның өлеңдерінің мәні мен мағынасы терең. Менің оның Руслан мен Людмиласын сүйіп оқимын.

 

Ақынды пір тұтушылар оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Кейбіреулері тіпті өздерінің Пушкинге деген сүйіспеншіліктерін жыр жолдарымен де жеткізді.

 

Самат Есмағи