Білім

Ұстаздар байқауы

 

 

 

 

Биылғы өткізіліп жатқан байқау бұрынғылардан ерекше, жаңа үлгіде ұйымдастырылды. Себебі сайысқа алғаш рет кәсіптік техникалық колледждердің ұстаздары да түсіп отыр. Облыстық байқауға аудандық және қалалық кезеңдерде топ жарған 14 мұғалім өтіпті. М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің тарих және география пәнінің оқытушысы Бахыт Амалбекова жеңістен үмітті. Ол өз сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырғанды дұрыс көреді екен. Байқаудың шарты 3 кезеңді қамтыды. Алғашқысында қазылар алқасына мұғалімдер кәсіби біліктілігі, шеберлігі, өткізілген ашық сабақтарының  жиынтығы тапсырылды. Екінші кезеңде «Білікті ұстаз» тақырыбында оқытушылар өз жұмыстарын қорғады. Қазыларға еңбегін Есіл ауданының аграрлық-техникалық институтының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Марияш Құлмақанова да таныстырды. Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің оқытушысы Бахыт Амалбекова жеңіп алды. Енді ол Республикалық «Үздік педагог» байқауының ІІІ кезеңінде өңір намысын қорғайды.

 

Біржан Қойшыбаев