Көлік және жолдар

Қала ортасында жол айрығы салынуда

 

 

 

 

Жамбыл көшесі қаланың бір шеті мен екінші шетін жалғайтын ең ұзын көше. Сондықтан бұл аралықта көлік қозғалысы да көп. Одан туындайтын мәселелер де аз емес. Көлік кептелісі әсіресе Жамбыл мен Букетов көшелерінің қиылысында жиі байқалады. Оны жеңілдету тұрғысында қазір бұл жерде қосымша жол айрықтары салынып жатыр. Құрылысты жүргізуші “Су -808” серіктестігі.

 

Виктор Ярощук, “Су -808” серіктестігінің шебері:

– Қазір қиылыстағы жол айрықтың бір бетін жасап болдық. Екінші беттегі оңға үңгіген жерге қиыршық тас төселуде. Оны аяқталысымен үстіне асфальт саламыз. Жұмыстарды белгіленген межеде аяқтауға толық мүмкіндігіміз бар.

 

Жол айрықтың бір бетіндегі жұмыстар аяқталған. Қазір бағдаршам орнату жүргізіліп жатыр. Ол іске қосылған уақытта ДСР жақтан келген көліктер оң жаққа, яғни Букетов көшесіне еш кедергісіз бұрыла беретін болады.

 

Виталий Соколов,  “Дор сигнал” серіктестігінің электригі:

– Бұрышта тұрған бағдаршамды жол айрықтың сыртына қоямыз. Көліктерге кедергі болмас үшін. Жаңадан орнатылатыны жарық диотты. Ол жүргізушілерге алыстан көрінетін болады. Оның қанша уақыт жанатындығын көрсететін таблосы да бар. Артынша бұл жердегі басқа бағдаршамдар да жаңасына алмастырылады.

 

Жаңа жол айрықтар орталық көшедегі көлік қозғалысын жеңілдетуге мүмкіндік бермек. Жоспарланған жұмыс толығымен аяқталған кезде бұл қиылыста таңертеңгі, түскі және кешкілік уақыттарда көлік кептелісі болмайды.

 

Андрей Ткаченко, СҚО ЖПБ батальоны бастығының міндетін атқарушы:

– Көліктер жол айрықтан оң жаққа кетулері үшін бағдаршамға қосымша белгі қойылады. Соның реттеуімен көліктер қозғала беретін болады. Олардың тура және сол жаққа бұрылатын көліктерге еш кедергісі жоқ.

 

Мердігер серіктестік мамандары жолайрық жұмыстары осы аптаның соңына дейін аяқталады деп отыр. Бұл көлік жүргізуші үшін жақсы жаңалық. Себебі қозғалысы көп қиылыстағы кептелістен арылады.

 

– Жолайрық жақсы болмақ. Көлік кептелісінен құтыламыз. Әйтпесе жұмыс күндері бұл жерден өтіп болмайсың,

– Жұмысым қаланың орталығында. Көше тек кешке және демалыс күндері ғана бос болады. Қалған күндері кептеліс жол айрық іске қосылса одан құтыламыз.

Жыл санап қала көшелерінде көлік саны артып келеді. Ал жолайрықтар көбейсе, көлік кептелістері де бір ізге түсері сөзсіз.

 

Самат Есмағи