Құқық қорғау органдары

Полицейлер ұрланған бұзауды көп ұзамай иесіне қайтарды

 

 

 

Өткен демалыс күндері “Көршілер бақылауы” бағдарламасының сенім телефонына Петропавл қаласының Жұмысшы кентінің тұрғыны хабарласты. Зейнеткер қорасынан бұзауын және де басқа дүниелерін бәз біреулер қолды қылғанын айтқан. Оқиға орнына тез жеткен полицейлер күдікті арам ойын таңғы сағат 5 шамасында іске асырғандығын анықтады.

 

Мария Васютина, жәбірленуші:

– Сырттың есіктері ашық жатты. Құдықтан сорғыш, 4 бөтелкедегі сүтті, кір жуатын машинаны алып кетіпті. Кейін тез арада қораға бардым. Онда қалайы бакпен қоса бұзауды ұрлаған. Мен тез арада полицейлерге хабар беруді жөн санадым. Тәртіп сақшылары үйге 15 минутта жетті. Сөйтіп бәрін анықтауға кірісті.

 

Сөйтіп тәртіп сақшылары жедел іздестіру шарасына кірісіп кетті. Нәтижесінде полицейлердің күдігіне Жұмысшы кентінің 34 жасар тұрғыны ілікті. Айыпталушы бұған дейін осындай қылмысқа барып, сотты болған екен.

 

Анықталғандай күдікті бұрын 81 жастағы зейнеткерге үй шаруашылығына көмектескен екен. Сондықтан да ол ненің қай жерде жатқанынан хабардар болған. Айта кету керек сезікті бұл қылмысқа жалғыз бармаған. Сөйтіп тәртіп сақшылары айыпталушының серігі 1983 жылғы азаматты ұстады. Олар ұрланған заттарды сатып, түскен ақшаға ішімдік сатып алмақ болдық деп түсіндірді. Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ешқайда шықпау тұралы қолхатпен босатылып, сараптама жүргізілуде.

 

Мария Васютина,  жәбірленуші:

– Тәртіп сақшылары келіп, барлық заттарымның табылғанын айтты. Қуанып кеттім. Оларға айтар алғысым шексіз.

 

Жыл басынан “Көршілер бақылауы” бағдарламасының сенім телефонына құқық бұзушылық пен қылмысқа қатысты 979 хабарлама келіп түскен. Оның 655-і қоғамдық орындарда тәртіптің сақталмауына байланысты. Сонымен қатар полицейлер “Көршілер бақылауы” барысында 200-дей тұрғынға ақпараттық кеңес берді. “Көршілер бақылауы” бағдарламасының сенім телефоны 61-20-02

 

Бану Ахметова