Аптадағы маңызды жаңалықтар

Аққайың ауданының диқандары егіс науқанын аяқтады

 

 

 

“Дайындық Агро” ЖШС мына егінжайға тұқымын мамыр айының 20-да сіңіріп болыпты. Бүгінде біраз көктеп қалған. Шығымы біркелкі. Жақсы күтім мен ылғалды қажет ететін майлы дақылдар толығымен себілген. Жалпы шаруашылық көктемгі дала жұмыстарында 10 мың Га жерді игеруі тиіс. Оның үштен бірінде нөлдік технология ендіріліп жатыр. Мәселен мына алқап мүлдем жыртылмаған. Бүл біріншіден ылғал сақтаудың аса тиімді жолы дейді тәжірибелі диқаншы Біржан Шаймерденов.

 

Біржан Шаймерденов, “Дайындық Агро” ЖШС директоры:

-Біріншіден уақыт үнемдейді. Жанармайға ақша көп кетпейді. Тыңайтқыш, стимулятор роста қостық. Неміс фирмасының дәрісін пайдаланамыз. Биыл бәрі өзгеше. Бұл жақсы өнім алуға көп көмек болады деп ойлаймыз.

 

Қарбалас науқанда әр күн қымбат. Межеленген жоспарға жетуде танап басына шыққан 15 заманауи агрегатқа үлкен сенім артылып отыр. Оның 3-і ауыл еңбеккерлерінің таптырмас көмекшісіне айналған озық үлгідегі “Джондир” маркілі техника. Жоғары өнімді кешен рөлінің бірінде Айтолла Сағындықов отыр. 30 жылдан артық еңбек өтілі бар механизатор ескі дән сепкіштерден үш есе өнімді дейді.

 

Айтолла Сағындықов,   “Дайындық Агро” ЖШС механизаторы:

– Арам шөпті қырқып, култивация жүргізіледі. тыңайтқышпен бірге себеді. Ізінше борана жүреді. Кейін катогы барғ 4 операция бір-ақ жүргізіледі. Адам шаршамайды. Қираған агрегат компьютерге шығарылады.

 

Мұндағы диқандар биыл “Басов” Герман фирмасымен бірігіп сынақ өткізуде. Ортақ жоба аясында 4 Га аумаққа майлы дақылдар мен мал азығының 8 элиталық түрін сепкен. Нәтижесінде өңірімізге қолайлысы таңдалып алынады. Тәжірибе мен ғылым үйлестірілген маңызды науқанға 86 адам тартылыпты. Оның 8-і жер өңдеуге енді кіріскен жас маман.

 

Николай Науменко, “Дайындық Агро” ЖШС агрономы:

– Мен егістік жұмыстарына биыл ғана араласа бастадым. Жаңа қызметім мен оқуды қатар алып жүрмін. Бұл біріншіден алған білімімді тұйықтап, кәсіби шеберлік жинауға септеседі. Қазір агроном мамандығының қыр –  сырын меңгерудемін. Жер емген тәжірибелі мамандар ақыл-кеңесітен аянбайды.

 

Агроқұрылым дәріленіп, дәрумен қосылған тұқым бастырумен қатар 120 тонна тыңайтқыш шашыпты. Әзірге серіктестік игілігіндегі алқаптың тек 700 Га игерілмеген. Бұл қолданыстағы жылдам әрі сапалы дән сепкіш техниканың бір күндік жұмысы. Диқандар бұл шаруа тындырылысымен химиялық өңдеуге кіріспек. Жалпы Аққайың ауданында көктемгі егіске тартылған 357 агрегаттың 49 – ы жоғары өнімді кешен. Бүгінде ауданға қарасты шаруа қожалықтарының барлығы дерлік егу жұмыстарын аяқтаған.

 

Жеңіс Ермұқанов