Салық басқармасы

Салық заңнамасын бұзғандар айып төлейді

 

Кәсіпкер жылдың әр тоқсанында салық департаментіне жеке табысы жөнінде есеп беруге міндетті. Алайда көп жағдайда қосалқы құн салығы мағлұмдамасын тапсыруда олқылықтар кетіп жатады. Автоматтандырылған бақылау жүйесі былтырғы жылдың екінші тоқсанында  99 декларацияның дұрыс толтырылмағанын анықтапты. Нәтижесінде 748 млн теңгенің қосымша құн салығы анық көрсетілмегендігі жөнінде хаттамалар толтырылған.

 

Лилия Әбілова, СҚО бойынша салық департаментінің бас маманы:

– Жіберілген ескерту қағаздарының 53 пайызы саудаланған тауардың қосымша құнын жасыруға қатысты. Осылайша 537 млн. теңгеге көрсетілген қызметтердің заңбұзушылығы анықталды. Сондықтан декларация толық емес. Есепшот, жүк құжаттары толтырылмады деген сөз.

 

Ескерту салық төлеушіге ғаламтор арқылы жеке кабинетіне жіберіледі. Олқылықтың орнын 30 күннің ішінде толтыру керек. Түзетілген нұсқасын электрондық форматта немесе салық департаментіне келіп тапсыруға болады. Заңбұзушылық бекітілген уақытта түзелмесе әкімшілік жаза қолданылады.

 

Лилия Әбілова, СҚО бойынша салық департаментінің бас маманы:

-Банк жүйесіндегі барлық шығын операцияларына тыйым салынады. Бұл түрлі келісімдер жасағанда үлкен кедергі болады. Тіркеу есебінен алынып тасталынады. Жеке меншіктің кәсібі жоспарсыз тексеріледі. Бұған көнбесе істі қарау қаржы полициясына жіберіледі.

 

Сонымен қатар заңды елемегендер 25-50 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуге мәжбүрленеді.

 

Жеңіс Ермұқанов