Мәдениет

Облыстық филармонияның 48-ші концерттік маусымы аяқталды

 

Алғашқы болып сахнада облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі дәне дирижер Сергей Имашбаев өнер көрсетті. Оның басқаруымен эстрадалық-симфониялық оркестр   «Бахтан бастап Чайковскийге дейін» атты туындылардың үйлесімді жиынтығын орындады.  Осы жыл облыстық филармония үшін табысты болған екен. Әртістер бірқатар өңірде концерт беріпті. Өткен күзде облыстың шығармашылық ұжымдары еліміздің оңтүстік астанасындағы мәдениет күндерінде өнер көрсетсе, биыл жаңадан құрылған жас топ «Азия саунд» «Хабар» телеарнасының телевизиялық жобасына қатысқан болатын.

 

Нұрлан Двесов, облыстық филармония директорының орынбасары:

-Бүгін 9 ұжым өнер көрсетеді. Солттүстікқазақстандықтарды таңдамалы шығармалармен қуантамыз деп ойлаймын. Біздің филармонияда талантты да өнерлі әншілер аз емес.

 

Филармония әртістері сахна төрінде халық арасында кең таралған әндер мен билерден басқа, жаңа шығармалардың да тұсауын кесті. Солардың бірін «Туған жер» ансамблі орындады. Поляк биі “Тұмар” деп аталады. Олардың қоржынында украин, казак және өзге де ұлттардың 30-ға жуық биі бар екен.  Ал, “Қызылжар” халықтық саз ансамблі “Жұлдыз” әнін ұсынды.

 

Виталий Смотров, «Қызылжар » халықтық саз ансамблінің көркемдік жетекшісі:

-Биыл “Қызылжар” ансамблі 20 жылдық мерейтойын атап өтпек. Қазір қызу әзірлік жүріп жатыр. Біз өз өнерімізбен көрермендерді таң қалдырсақ деп ойлаймыз. Филармониялық маусымның жабылуы маңызды шара. Осылайша, өзімізді жаңа қырымыздан көрсеткіміз келеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет саласын дамытуға үлес қосқан бірқатар азаматтар Мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Енді облыстық филармонияның кезекті 49-шы концерттік маусымы қыркүйек айында ашылады.

 

Данаш Хамзина