Қоғам

«Алтын бесікте» жас патриоттар өсіп келеді

 

 

Бүлдіршіндер оң қолын сол кеудесіне қойып, “Менің Қазақстаным” атты мемлекеттік әнұранды бір адамдай шырқауда. Негізі бұл балабақшада еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын мемлекеттік нышандарды 4 жастан бастап үйретеді екен. Бұл тұста ата-аналар да егемендігіміздің белгісін бүлдіршіндердің білуіне баса назар аударады. Сондықтан да бүгінгі мереке күні осы балабақшада мектепке дейінгі тәрбие алып жүрген Алдияр Уәлиевтің атасы Серік Уәлиев мемлекетіміздің рәміздерін немересіне кеңінен түсіндіріп берді. Сонымен қатар балабақша тәрбиеленушілері шағын тест сұрақтарына да жауап берді. Олар тақтада суреттермен берілген тапсырма бойынша еліміздің туын ажыратып, елбасымыз Н.Назарбаевты және мемлекетіміздің елордасы Астана екенін  қағазға түсірілген сурет арқылы көрсетті. Және балалар әрқайсысы жайында білгендерін айтып берді.

Мұнда әр жұма сайын жоғарғы топтың балалары еліміздің әнұранын шырқайды екен. Мемлекеттік нышандар – елдігіміздің белгісі, тәуелсіздіктің дәлелі. Бұл жыр болып та6 ән болып та айтылып жүр.  “Алтын бесік” балабақшасының ашылғанына не бары 6 ай ғана болса да бүгінгі күні мұнда 320 бүлдіршін тәрбиеленуде.

 

Бану Ахметова