Қоғам

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында экологтар өз жұмысын қорытындылауда

 

 

Экологтар өңіріміздегі қоршаған ортаның жағдайы тұрақты дейді. Ауа мен судың мөлшерден тыс ластанғаны тіркелмеген. Атмосфераға зиянды қалдықтардың шығарылуы да жыл санап азайып келеді. Десе де, экология департаментінің мамандары қол қусырып отырған жоқ. Арнайы жүргізілген тексерістер барысында ұсақ заңбұзушылықтардың бар екендігін анықтаған. Бүгінде департаментте сенім телефоны жұмыс істейді. Оған қоңырау шалатындар да жоқ емес көрінеді. Таяуда балықшылар Белое көлінде судың бетіне белгісіз көпіршіктердің пайда болғанын айтып дабыл қаққан. Ол расталды.  5 маусым – халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен қабылданған бұл қарарға бүгінде әлемнің 150-ден астам мемлекеті қол қойған. Конвенция тізімінде Қазақстан да бар. Сондықтан экологтар аталмыш датаға орай барлық адамзат баласы бір күн болсын табиғатқа мейірімділік танытса дейді. Ол өзіміз тұрып жатқан аймақтың экологиялық жағдайының бұдан әрі де жақсара түсуіне өзіндік септігін тигізері сөзсіз.

 

Самат Есмағи