Спорт

Жүзгіштер жарысы

“Shark” жүзу клубы  өткен жылдың соңында ашылған болатын. Бүгінгі жарыс  содан бері атқарылған жұмыстың қорытындысы іспеттес.  Шара қызықты өтуі үшін аквапарк қызметкерлері ата-аналар мен балаларға ән-жыр, байқаулар аралас спорттық шоу- бағдарлама ұйымдастырды.  Мұндай жарыс болашақта тұрақты өткізіліп тұрмақшы. Жас спортшылар үлкен жарыстардағыдай 25 және 50 метр қашықтықта жарысты.  Ұйымдастырушылар олардың ешқайсысын да назардан тыс қалдырмай, грамоталар, сыйлықтар табыс етті.  Жарыс барысын ата-аналар тамашалады. Бапкерлер балаларды жазғы демалыс кезінде де жаттықтырмақшы.