Спорт

Велоспорттан қалалық біріншілік

 

Жас ерекшеліктеріне қарай спортшылар төрт топта сынға түсті. Бірінші жарыс жолына 2001 жылы туылған жасөспірімдер шықты. Одан кейін кезек 16 жасқа дейінгі 20 велоспортшыға тиді. Олар мәре сызығына жету үшін 15 шақырымды бағындырулары керек. Бұл топта ҚР спорт шебері Олег Земляков 25 ұпай жинап, 1-ші орынға ие болды.

 

Олег Земляков, жарысқа қатысушы, ҚР спорт шебері:

Бастысы – дұрыс тамақтанып, жаттығу керек. Бұл сайысқа жақсы дайындалуға көмектеседі. Қарсыластарымның ішінде мықты спортшылар көп. Сондықтан өзіңе сенімді болып, қобалжымау керек.

 

Жалпы жарысқа велосипед спорты бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 80-ге тарта велошабандозы қатысты. Олардың ішінде алтауы велоспорттан ҚР спорт шебері болса, қалғандары әр түрлі разряд иегерлері.

 

Валерий Евдокименко, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:

-Бұл жарыс әр жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отырады. Әрбір спортшы өзі бағындыра алатын уақытты көрсетіп, сынға түседі. Жарыс қорытындысы бойынша облыс құрамасына спортшылар іріктеледі.

 

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 12 және одан кіші жастағылардың арасында бірінші орынға Никита Фрейберг ие болды. Ал 13 -14 жас аралығындағы топта Сергей Мальцев озып шықты. 15-16 жастағы ересек топта Богдан Гопотченконың жұлдызы жанды.

 

Біржан Қойшыбаев, тілші:

Қалалық біріншілік жеңімпаздары маусымның 8-12 аралығында олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жүлдесіне өтетін республикалық жарыста өз бақтарын сынау мүмкіндігіне ие болады.

 

Біржан Қойшыбаев