Спорт

“Қызылжар СК” командасының кезекті жеңісі

 

 

 

Бiздiң футболшылар үшiн биылғы маусым сәтті өтіп жатыр. Ойын басталмас бұрын «Қызылжар СК» командасы 20 ұпаймен турнир кестесінің 4-ші орнында тұрды. Семейдің «Спартак» құрамасы да алдағы 5-тіктің ішінде. Қаламызда өтіп жатқан бұл жарысқа, жергілікті команданы қолдау үшін, облыс әкімі Самат Ескендіров келді. Ойынның бірінші минутынан бастап алаң иелері қарсыластарына шабуыл жасауға көшті. Құрамалардың талпынысы ұзақ уақыт бойы нәтижесіз болып, екі жақ бір-бірін ала алмады. Тек ойынның бірінші жартысының соңғы минутында ғана қақпа ашылды. Голдың авторы «Қызылжар СК» командасының шабуылшысы Тимур Мульдинов. Ойынды көруге келген қаламыздың жанкүйерлері жергілікті командаға барынша қолдау көрсетіп, олардың тек жеңіске жетуін күтті.

 

-Осы маусым біздікілер үшін сәтті өтуде, жақсы ойнап жатыр.

-Біздің ойыншылардың тағы бірнеше гол соғуын күтеміз.

 

Ойынның екінші бөлімінде де Семейдің «Спартак» құрамасының есепті теңестіруге бағытталған шабуылдары сәтсіз аяқталды. Осылайша 1:0 есебімен «Қызылжар СК» командасы жеңіске жетті. Турнир кестесі бойынша 23 ұпай жинап, 4-орнын сақтап қалды. Енді шілденің 13-і күні жергілікті футболшылар өз алаңында Алматының «ЦСК» құрамасын қабылдамақ.

 

Біржан Қойшыбаев