Мәдениет

“Қарлығаш” – 40 жыл сахнада

 

Өнер ұжымы 40 жылдық мерейтойына тыңғылықты әзірленіпті. Және бұрынғы есептік концерттерінен өзгеше. Бірінші бөлімі “Қарлығаш туралы аңыз” театрланған көріністен тұрды. Мұнда ансамбльдің мың бұралған бишілері ертегіні өздерінің қимылдарымен жиналған жұртқа көрсетті.

Аңыз қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертеді. Онда бір ақсақалдың шаңырағының төбесіне қарлығаш жұмыртқалайды. Қарлығаштың балапандары жұмыртқасын жарып шығып, қанат қағып ұшатын кезіне дейін, олардың анасы мен үйдің ақсақалы көздің қарашығындай қорғаштайды. Өйткені, халық шаңырақтың төбесіне жұмыртқалаған құс жақсылық әкеледі деп болжаған. Ертегіні халыққа өздерінің билерімен жеткізген ұжым көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Және ансамбльдің осындай өнеріне тәнті болып жүрген солтүстікқазақстандықтар концертке көптеп жиылды.

Сахна төрінде қазақ, орыс, татар, башқұрт, белорусь, әзербайжан, поляк, еврей және неміс билері биленді.

 

Андрей Сазанов, “Қарлығаш” би ансамблінің мүшесі:

– Маған осы ансамбльдің ұжымымен өнер көрсеткен ұнайды. Достарым да көп. Кезінде әкем де осы ұжымда билеген. Міне бүгін би ансамблі өзінің туған күнін атап өтуде. Барлық ұжымды осы мерекемен құттықтаймын.

 

Есептік концертте «Қарлығаштың» мың бұралған бишілері үздік деген 25 туындысын ұсынды.

Би десе ішкен асын жерге қоятын Дарина Ескакова 8 жылдан бері шығармашылық ұжыммен бірге сахна төрінде өнер көрсетіп жүр. Осы жолы мерейтойлық кеште жасөспірім неміс, еврей, орыс халық билерін биледі.

 

Дарина Ескакова, “Қарлығаш” би ансамблінің мүшесі:

– Ансамабльде өнер көрсеткен маған ұнайды. Біз әр ұлттың билерін билейміз. Мысалға дәл қазір біз украин биін билемекпіз.

 

40 жылдың ішінде би ансамблі республикалық және халықаралық жарыстардың 10 дүркін лауреаты атанған. Бүгінде өнер ұжымының репертуарында 90-нан астам түрлі халықтың билері бар.

 

Галина Жумалеева, “Қарлығаш” би ансамблінің жетекшісі:

– Кезінде сахнада тек 16 адам болып өнер көрсетіп жүрдік. Көп қиыншылық та болды. Дегенмен бишілеріміздің саны қазір 180-ге жетті. Ауыр болса да біраз белесті бағындырғанымызға қуаныштымын. 20 маусым күні Ялтада өтетін халықаралық фестивальге қатысамыз. Ал, тамызда Париж қаласында бармақпыз.

«Қарлығаш» би ансамбліне мерейтойлық кешті өткізу үшін “ІҢКАР” продюссерлік орталығы, “Қазақстан-Петропавл” телерадиоканалы және “Муниципалдық телеарна” ЖШС ақпараттық қолдау көрсетті. Айта кететін бір жайт Муниципалдық телерананың директоры Евгений Сазанов “Қарлығаш” ансамбілінің жетекшісі Галина Жумалееваның бірінші шәкірті.

 

Евгений Сазанов, “Муниципалдық телеарна” ЖШС директоры:

Міне бұл ұжымға 40 жыл. Кезінде 73 жылдары мен осы ансамблдің оқушысы болдым. Сол кезде ол «Кировчанка» деп аталды. Бүгін сахнада баламның биін көріп, өзімнің сол кездегі балалық шағымды есіме алдым. Бұның бәрі Галина Васильевнаның арқасы. Оған алғысым шексіз.

 

Кештен жақсы көңіл күйде шыққан көрермендер өнер ұжымының шығармашылығы жайында өз ойларымен бөлісіп, оларға алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулерін тіледі

Жылдың қорытынды концертінде “Қарлығаш” би ансамблі көрермен назарына 3,5 сағат бойы көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жалпы өнер ұжымының алға қойған мақсаттары көп. Ол биік белестерден көріне беру.

 

Бану Ахметова