Балалар

Петропавлда “Балалардың еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн” атты акциясы өтіп жатыр

Айман Нүрсейiтова 7 жылдан бері 13 жастағы немересі Мәдинаның қамқоршысы болып табылады. Айман апай аталмыш акцияның бастау алғанын естіп, мамандардан өз мәселесi жөнінде кеңес алуға келіпті. Ол немересімен бірге көп жылдар бойы пәтер жалдап тұрады екен. Алған зейнетақысын баспанаға төлегендіктен, Мәдинаның жәрдемақысының арқасында өмір сүріп жүрміз дейді.

 

Айман Нүрсейiтова, Мәдина Нүрсейітованың қамқоршысы:

Мендегі мәселе баспана жайында. 4 жылдан бері үй кезегінде тұрмын. Бізге пәтер жалдап тұру қиын. Айына 40-50 мың теңге кетеді.

 

Айман апай үй кезегіндегі қалалықтардың арасында 2 075-ші орында тұр. Мамандар бұл сұрақ бойынша кәсіби кеңес беріп, мәселенің шешілуіне атсалысатындарын айтты. Сұхбаттасу алаңында, сондай-ақ, тегін психологиялық консультация да жүргізілді. Мамандардың айтуынша, мұндай кеңес түрі тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларының тәрбиесін түзеуде оң әсерін беруде.

 

Павел Моисеев, Бірінші лицейдің психологы:

-Бізге келіп, кәсіби кеңес сұрап жатқан ата-аналар аз емес. Жанұядағы қарым-қатынас бала психологиясының қалыптасуына зор әсер ететінін ұмытпау қажет.

 

Аталған ақпараттық диалог алаңы “Балалардың еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн” акциясы аясында ұйымдастырылды.

 

Біржан Қойшыбаев