Қоғам

Мемлекеттік рәміздерге арналған интеллектуалдық ойын

 

Интеллектуалдық ойын 3 кезеңді қамтыды. Әр кезең 10 сұрақтан тұрады. Бастапқы сауалдар мемлекеттік рәміздер жайында болса, қалғандары сан түрлі тақырыптарға арналды. Арасында логикалық сұрақтар да бар. Және интеллектуалдық ойынға қатысушыларға берілген талап қатал. Қойылған сұрақтың жауабын 1 минуттың ішінде жазбаша түрде  қазылар алқасына тапсырулары керек. Яғни олардың ойланып отыратын уақыттары да жоқ. Дегенмен әр команда жеңістен үмітті. Жастар ұйымының арасында мемлекеттік рәміздер туралы бар білгендерін қала мен аудан мәслихаттары депутаттары да ортаға салды. Және олар мұндай ойынды ұйымдастырудың тиімді екенін айтты. Жалпы интеллектуалдық ойынға 8 топ қатысты. Әр команда 5 адамнан құралған. Айта кету керек, бұл шара облыс көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. “Не? Қайда? Қашан?” интеллектуалдық ойынынан үздік шыққандар кубок және дипломдармен марапатталмақ.

 

Бану Ахметова