Қоғам

Мемлекеттік рәміздер дұрыс бейнеленуі керек

 

 

Мына құрылғының көмегімен көлемі бір метрлік мемлекеттік нышанды жарты сағаттың ішінде басып шығаруға болады екен. Алайда бастысы жылдамдық емес, рәміздердің пішіндерінің бекітілген талаптарға сай келуі аса маңызды. “Реклам сервис kz” жарнамалық компаниясының жергілікті өкілдері кез- келген нысанға бұл құндылықтарды дәл түсіруге 2009 жылдан дағдыланып алыпты.

 

Асқар Хабибуллин, “Реклам сервис kz” ЖШС директорының орынбасары:

Біз мемлекеттік органдармен тікелей жұмыс жасаймыз. Ел нышандарына қатысты өнімдерді шығаруға барлық қажетті рұқсат қағаздарымыз бар. Лицензияланған өнімімізді арнайы оқытылған мамандар шығарып, өздері орнатады.

 

Облыс мұрайжайлары мен көрмелері, мемлекеттік және әлеуметтік нысандардағы рәміздер бұрыштары мен қабырғаларының барлығы дерлік аталмыш мекеме мамандары безендірген.

 

Асқар Хабибуллин, “Реклам сервис kz” ЖШС директорының орынбасары:

– Біз сондай-ақ кеңселік бланктер, наградалар мен түрлі мақтау қағаздарына мемлекеттік нышандарды кірістіреміз. Нышандарды жарықтандыру да біздің қызметке енеді.

 

Қазақ елі тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін 1992 жылдың 4 маусымында мемлекеттік рәміздер ресми түрде қабылданды. Содан бері желбіреген көк байрақ, әуелеген әнұран, жарқыраған елтаңба тұғырлы отанымыздың егемендігін айқындайтын басты құндылықтарға айналды.

 

Жеңіс Ермұқанов