Спорт

Жасөспірімдер арасындағы футбол жарысы

 

Бұл таңертең басталған ойынның алтыншысы. Дәл қазір Тайынша мен Есіл аудандарының командалары өзара мықтыны анықтасып жатыр. Шабуылды бірінші болып есілдіктер бастады. Дегенмен олардың қақпаға қарай бағыттаған доптары дарымауда. Есіл командасы қанша тырысып баққанмен қақпаның кілтін таба алмады. Сөйтіп, бірінші таймда екі команда да гол соға алмады. 5 минуттық үзілістен кейін қос құрама ойынды қайта жалғастырды. Сөйтіп, екінші таймның алғашқы минуттарында көптен күткен голды есілдіктер соғып, қақпа есігін ашты.

Есілдіктердің соққан голынан соң тайыншалықтар ширай түсті. Сөйтіп, олар «Есіл» командасының қақпасына қарай шабуылдар ұйымдастырды. Сөйтіп, тайыншалықтар жанкүйерлерін көп күттірмей «Есіл» командасының қақпасына допты дарытты.  Осындан кейінгі екі команданың шабуылы еш нәтиже бермеді. Сөйтіп ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Бұл футбол турниріне қала мен ауданнан келген 12 команда қатысуда. Құрамалар 3 күн бойы бақталасады. Турнирдің ақтық сынына тек 4 команда ғана жолдама алады. Қай құраманың жеңіске жететіні 2 маусымда белгілі болмақ.

 

Бану Ахметова