Ауыл шаруашылығы

Орманшылар мен тұрғындар арасындағы дау

 

 

Айыртау ауданының Орлиногор, Құмтікен және Есіл ауданының Горный ауылының тұрғындары “ауыл маңындағы орман заңсыз кесіліп жатыр” деп дабыл қаққан болатын. Орманшылар мен сол маңдағы үш ауылдың тұрғындарының арасында түсініспеушіліктен туған жанжал өз шешімін тапты.

100-ге тарта ауыл жұртшылығының қолы қойылған арызды ағайынды Қалел Жүсіпбеков пен Мақпал Медеева жинаған екен. Олар Есіл ауданындағы Горный ауылының тумасы. Қалел сол жердегі орман шаруашылығында қызмет атқарып 2010 жылдың күзінде жұмыстан шығып қалған. Сол кезден бастап орманшыларға қозқарасы түзу емес көрінеді.

 

Қалел Жүсіпбеков, Горный селосының тұрғыны:

-Мен бұл шаруашылықта өрт сөндіруші болып қызмет атқардым. Келісімшартқа отырмай жұмыс істегендіктен менің 2 айлық жалақымды төлеген жоқ. Сондықтан жұмыссыз қалып, ішімдік ішіп кеттім.

 

Орлиногор – аймақтағы ірі орман шаруашылығының бірі. Оның аумағы – 35 мың гектар болса, 28 мың гектары орманды дала. Мұнда соңғы жылдары ағаштардың кесілуі жиілеп кетті деген пікірдің жалған екендігі расталды.Табиғат қорғаушылар мемлекеттік аумақтағы бір де бір ағаш заңсыз кесілмейтіндігін айтты. Бұл жұмыс бекітілген жоспармен жүзеге асырылып, орман жыл сайын зақымданған ағаштардан тазартылып тұрады дейді орман және аңшылық шаруашылығы испекциясның басшысы Ережеп Жанатаев.

 

Ережеп Жанатаев, СҚО бойынша орман және аңшылық шаруашылығы испекциясы бастығының міндетін атқарушы:

-«Орлиногорск» орман шаруашылығында 2012 жылдың маусым айында арнайы жер таңдалып, карағай ағаштарының өсіп тұрған орнын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Заңсыз қарағай ағаш кесіліп жатқан жоқ. Өйткені біз 2005 жылдан бастап бұл шараға қажет құжаттарды дайындаған болатынбыз.

 

Бұл орман аумағында 351 шаршы метр ағаш қоры бар.Әр жыл сайын тоғайды ауданнан арнайы мамандар тексеріп, қартайып, ауруға шалдыққандарын белгілейді. Зақымданған ағаштар ғана кесіледі дейді орманшылар.

 

Біржан Қойшыбаев