ТКШ

Тазалық және көркейту жұмыстары жалғасуда

 

 

Тазалық айлығы сәуірде басталған болатын. Осы уақытқа дейін қаланы абаттандыру жұмыстары барысында 3 мың шаршы метрге гүл егілді. Негізі 10 мың метрге дейін жоспарланыпты. Маусымның алғашқы онкүндігінде қолға алынған гүл отырғызу жұмыстарын аяқтау көзделген. Сонымен қатар, тазалық бейсенбілігі мен сенбіліктер барысында 1120 тонна қоқыс сыртқа шығарылған. Бүгінгі ұйымдастырылған тазалық шарасына қала әкімі Төлеген Закариянов пен оның көмекшілері түгел шықты. Олар Кәрім Сүтішев көшесін қоқыстан тазалады, өсіп кеткен шөптерді орып, ағаш түптерін ағартты. Тазалық бейсенбілігіне кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері де атсалысты. Олар өздеріне жүктелген істі бір адамдай атқаруда. Тазалық шарасы барысында қала әкімі Ойқалаға қарай көше бойында орналасқан  дүкеннің басшылығына ескерту жасады. Өйткені осы дүкенге келіп, сауда жасайтындар мына арыққа түсіп кетуі мүмкін. Ал, жеке кәсібін дөңгелетіп отырған Юрий Мячик кешке дейін маңайына арнайы қоршаулар қоюға сөз берді. Сонымен қатар ескертуді   дөңгелектерді жөндеу орталығының басшысы да алды. Өйткені бұл маң қоқысқа толып қалған. Мұндай тазалық шаралары болашақта да жалғасын таппақ.

 

Бану Ахметова