Без категории

“Мағжан көктемі” фестивалі

Алғашқысында Мағжанға арнап өлең шығарғандар бәсекелесті. Екінші номинацияда ақынның туындыларына жазылған әндер сынға түсті. Ал соңғы аталымға қатысушылардың мәнерлеп оқу шеберліктері сарапқа салынды. Нәтижесінде шығарманы нақышына келтіріп оқу бойынша Ақмола облысының намысын қорғаған Айсәуле Иманғалиева 1-орынға ие болды. Әуен шығару сынында Астана қаласының өкілі Тоқжан Жахин жеңімпаз атанды. Ал, ақынға арнап жыр шығару аталымында астаналық Елена Әбдіхалықова бас жүлдеге қол жеткізді. Ел көлемінде ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздары облыс әкімі Самат Ескендіровтың дипломдарымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

 

Айдана Демесінова