Балалар

Балалар мерекесіне әзірлік

 

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан – біз сенің балаларыңбыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз» атты республикалық акция биыл үшінші рет өткізілмек. Мереке мәдениет және демалыс саябағында сағат 11.00-де басталып, орталық алаңда концертпен жалғасады. Жалпы, осы күні іс-шаралар Петропавл қаласындағы 20 алаңда ұйымдастырылмақ.

 

Владимир Литвиненко, СҚО балалар құқығын қорғау департаментінің директоры:

-Негізі, мерекелік акция мамырдың 1-і басталған болатын. Енді, шілденің 10-на дейін жалғасады. Осы аралықта облыс көлемінде балалардың қатысуымен бірталай іс-шара өткізудеміз. Жеңімпаздар сыйлықсыз қалып жатқан жоқ.

 

Биыл да қалыптасқан дәстүр бойынша 2 мыңға тарта тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балалары саябақтағы әткеншектерді тегін пайдалана алады. Сонымен қатар, маусымның 1-і бүлдіршіндер үшін қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы тегін. Ағымдағы жылы балалар мерекесін атап өтуге облыстық бюджеттен 3 млн тенге бөлініпті.

 

Владимир Литвиненко, СҚО балалардың құқығын қорғау департаментінің директоры:

-Сондай-ақ, мәдениет және демалыс саябағының алдында балалардың құқығын қорғау жөнінде кеңес беру мақсатында іс-шара өтеді. Бұған кез келген ата-ана қатыса алады.

 

Осы күні әрбір алаңда балаларға арналып концерттер мен шығармашылық сайыстар ұйымдастырылып, күн соңында Н.Погодин атындағы орыс драм театрында «Қарлығаш» ансамблінің қайырымдылық кеші өтеді.

 

Біржан Қойшыбаев