Мәдениет

Халық театрлары фестивалі

 

 

Фестивальде бірінші болып  Жамбыл  ауданының халық театры “Пресновские страницы” атты қойылымды ұсынды. Спектакль Иван Шуховтың өміріне құрылған. 30 жылдық тарихы бар Аққайың ауданының «Аралағаш» халық театры Сәкен Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық » атты комедиясын дайындапты. Актерлер образға барынша еніп, қойылымдарды тартымды ойнап шықты.

Бүгінгі байқауға қатысқан театр ұжымдары фестивальға әр түрлі жанрдағы қойылымдар дайындаған. Театрлардың барлығы  «Халықтық театр» атағына ие. Көрермендерге ұсынылған қойылымдар халықтың көңілінен шығып, көріністі тамашалаған қонақтар көтеріңкі көңіл күйде отырды. Осындай фестивальдар жиірек өткізілсе, театрлардың өнерлері шыңдалып, өзара тәжірибе алмасып тұрар еді дейді Қазақстанның мәдениет қайраткері Мақсат Ақжолов. Фестиваль соңында байқауға қатысқан барлық ұжымдар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Біржан Қойшыбаев

 

/p