Энергетика

Энергетикалық нысандар жаңартылуда

 

 

Солтүстікқазақстандық электр жарығын тарату компаниясы ағымдағы жылы инвестициялық бағдарлама бойынша 857 млн теңгені игеруі керек. Қаржы ескірген сымдарды жаңартуға жұмсалады.

 

Вячеслав Утябаев, “СК РЭК” АҚ президенті:

-Инвестициялық бағдарламада 0,4 кВ желі, 35 кВ трансформаторлық шағын стансалар мен 110 кВ сымдарды қайта қалпына келтіру қарастырылған.

 

Кабелдік желілерді жөндеуге 146 млн теңге бағытталады. Энергетиктер Ғ.Мүсірепов көшесімен өтетін жалаң сымды да жаңартпақшы.

 

Виталий Фесько, “СК РЭК” АҚ бас инженері:

-Биыл 10 кВ-қ әуе сымының 4 шақырымын СИП-3 деген оқшауланған желіге ауыстырамыз. Осылайша, қызметтің сапасымен қатар қауіпсіздігі де артады.

 

Ал, Болатбаев көшесі бойында жерасты сымын алмастыру жұмыстары басталып кеткен. Мамандар тілшілерге төмен вольттық жаңа желінің қасиеттері жайлы әңгімелеп берді.

 

Равиль Назаров, “СК РЭК” АҚ кабелдік желілер қызметінің басшысы:

-Бұл қатардағы сымдардың бірі істен шыққан жағдайда тұтынушыны лезде жұмыс істеп тұрған басқа желіге қоса қоюға мүмкіндік береді.

 

Сонымен, 2013 жылы Петропавл қаласында 5 шақырым  кабель желісі жаңартылмақшы.

 

Данаш Хамзина