Қоғам

Түлектерге психологиялық көмек

Қазақстан суицид бойынша осы күні әлем елдері арасында 9-шы орында. Өкінішке қарай, әрбір оныншы өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы қайғылы аяқталады екен. Бұл мәселе жастардың арасында аса өзекті болып тұр.

 

Светлана Кухарева, облыстың бас суицидологы:

– Жасөспірімдер өздеріне мұғалімдері немесе ата-аналарының назарын аударту үшін суицидке барып жатады. Көбіне мұндай жағдайға тартыншақ, ұялшақ жеткіншектер барады.

 

Соңғы бес жылмен салыстырғанда өңірде 2012 жылы суицид жағдайы 4 есеге азайған. Алда ҰБТ сынағы тұр. Емтихан жастардың білімін ғана сынап қоймай, моральдық дайындығын да салмақтайды. Бұндай жауапты сәтте ата- аналар мен мұғалімдер қандай жағдай болса да кейінгі толқынның дұрыс жол табуына септесуі керек. Психологиялық дағдрысқа ұшыраған балалар сынақтан өте алмағаннан кейін болашағыма балта шабылды деген тұжырым жасап, өмірмен қоштасуға бел байлайды.

 

Светлана Кухарева, облыстың бас суицидологы:

– Кез-келген мәселенің шешімі болады. Әрине емтихан тапсыру жүйкенің жұқаруына әкеледі. Дегенмен де қандай қателік орын алса да, оны түзеуге болады. Сондықтан да жасөспірімдермен бұл бағытта дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Ол үшін әр мектепте қазір психолог маман жұмыс істейді. Бір қауантарлығы, өткен жылы мемлекеттік сынақ кезінде өздеріне қол жұмсаған оқиғалар тіркелген жоқ.

 

Психологиялық тұрғыда көмекке зәру жандар 49-32-41 сенім телефоны арқылы маманмен хабарласа алады.

 

Әспет Әбдірешова