Білім

Тәрбиешілер байқауы

 

Педагогтар 3 кезеңді қамтыған сынның бірінші турында әдістемелік құжатты жинақтап, онымен қазылар алқасын таныстырды. Кейін шеберлік-сыныбы және зертханалық жұмыстарын көрсетті.

Әсел Баяхметова Шал ақын ауданының намысын арқалап келген. Тәрбиеші 7 жылдан бері Кішкенекөл аулындағы 40 бүлдіршінге шақталған “Балдәурен” шағын орталығында жұмыс істейді. Ол байқау арқылы тәжірибемді шыңдасам дейді.  Уәлихаов ауданынан келген тәрбиеші Гүлнар Рахымова да үздік педагог атансам деген үмітті үкілеп отыр. Бала тәрбиесінде 5 жылдық еңбек өтілі бар  ұстаз өз күшіне сенімді. Жалпы, бұл облыстық байқауға қатысуға 120 педагог ниет білдіріпті. Оның тек 14-і ғана ақтық сынға өтіп, бүгін үздік атану үшін бақталасуда.

 

Бақыт Ғабдуллина, әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері:

– Бұл байқаудың өңірде өткізілмегендігіне біраз жыл болды. Ең алдымен педагогтар аудан арасында өзара сынға түсті. Онда жеңіске жеткендері бүгінгі облыстық байқауда бақтарын сынап жатыр.

 

Байқау жеңімпаздары диплом және бірнеше аталым бойынша марапатталды.

 

Бану Ахметова