Құқық қорғау органдары

Прокурорлық тексерістер қорытындысы

 

 

Жыл басынан қадағалаушы орган өкілдері еңбек заңын бұзушылықтың 252 фактісін анықтаған. Оның дені жалақының уақытылы төленбеуіне қатысты. Сонымен қатар прокурорлар ветеринарлық инспекцияның бизнесмендерге қатысты 29 заңсыз тексеру жүргізендігін анықтады. Тексеруші органдар тарапынан қысым көрген кәсіпкерлер 2009 жылы құрылған мобильдік топтың көмегіне жүгіне алады.

 

Қайсар Әбішев, Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім басшысы:

– Мобильдік топтың мақсаты өңірлік кәсіпкерлердің құқығын қорғау болып табылады. Ол прокуратурада жұмыс істейді. Сондықтан да мобильдік топтың көмегіне жүгінген кезкелген кәсіпкер өзінің құқығын қорғай алады.

 

Мобильдік топтың көмегіне өңірдегі барлық кәсіпкерлер жүгіне бермейді. Жыл басынан бар болғаны 10 хабарлама келіп түскен. Прокурорлардың көмегімен уақытылы берілмеген 17 млн теңге еңбекақы қайтарылды.

 

Қайсар Әбішев, Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім басшысы:

– Көбіне еңбек заңына қатысты заңбұзушылықтар орын алып жатады. Мәселен, осы факт бойынша 2013 жылдың қаңтар айынан бастап “Транспортник” ЖШС  63 жұмысшының жалақысын бермеген. Сөйтіп, берешек 5 млн теңгеге жеткен. Бұл ақша жұмысшыларға қайтарылды.

 

Прокурорлардың көмегіне кәсіпкерлер кез-келген уақытта 46-51-93 телефон номірі арқылы хабарласа алады.

 

Бану Ахметова