Ауыл шаруашылығы

Өңірде ара шаруашылығы дамып келеді

 

 

Бұл күні аралар тиышсызданып, күйгелек күйде болды. Омарташылар олар қатты желдің соңынан жауын-шашынның келетін біліп жүр дейді. Жәндіктер ашулы, маңайына жолатар емес. Сол себепті бізге тұмшаланып алуға тура келді. Әйтпесе, бөгде адамдарды шағып алуы ғажап емес. Аралар негізі сезімтал, қара түсті ұнатпайды екен.

Валерий Сорокин  – 20 жылдық тәжірибесі бар білікті омарташы. Ол осылайша табиғатқа жақын болғым келді дейді. Алғашқы ұяларын өзі жасапты. Қазір оның 100-ге тарта омартасы бар. Аралар қызу бал жинау науқанына кірісудің алдында көбейіп жатыр.

 

Валерий Сорокин, омарташы:

-Жазда түйебұршақ, рапс, күнбағыс және қарақұмық өсіп тұрған алқаптарды іздейміз. Ол үшін фермерлермен келісуге тура келеді.

 

Бүгінде облыста 2 мыңнан астам ара өсіруші бар екен. 120-сы облыстық омарташылар ассоциациясына бірігіпті. Ұйымға Олег Гаврилов жетекшілік етеді.

 

Олег Гаврилов, СҚО ара өсірушілер ассоциациясының төрағасы:

-Облысқа 5 мыңнан астам ара жанұясы әкелінді. Барлық омарташылар ұялармен толығымен қамтылған. Биыл біз араның карпаттық түрін бағудамыз. Оның өнімділігі жоғары және өңірдің ауа райына икемделген.

 

Қызылжарлық балды шетелдіктер де тамсанып жейді. Тек өзіміздің аумақта ғана айналдыра бермей, сыртқа да шығарып тұру үшін өнім көлемі аздық етеді екен. Ол үшін шырыны мол алқаптарда тұрақты омарталарды соғұрлым жиі құру керек дейді ара өсірушілер. Бұл қалдығы қалмайтын тиімді шаруашылық. Алынған балдан өзгесінің бәрін адам ағзасына пайдалы емдік қасиеті бар бірқатар дүниені жасап шығаруға болады. Ал, бұны әуелде жақсы түсініп алған тәжірибелі омарташы Олег Гаврилов мүмкіндікті игеріп-ақ жатыр.

 

Данаш Хамзина